Исатаев Мұхтар Советұлы 1975 жылғы 24 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы қаласындағы орта мектепті бітіргеннен кейін, 1992 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың физика факультетіне оқуға түсті. 1998 жылы «Физика» мамандығы бойынша физика факультетін аяқтады. 1996–1998 жылдары магистратурада, ал 1998–2000 жылдары аспирантурада оқыды. 2000 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика факультетінің электроника және сызықтық емес толқындық процестер кафедрасында ассистент қызметін атқарды. 2001 жылдан бастап физика факультетінің жылуфизика кафедрасында оқытушы, кейін аға оқытушы болып жұмыс істеді. Университеттегі жалпы еңбек өтілі – 25 жыл. 2009 жылы «Шеттермен шектелген жазық ағынның жылдамдық пен температура өрістерінің құйындық құрылымы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады (мамандығы – 01.04.14 – жылуфизика және теориялық жылутехника). 2024 жылы ҚР ҒЖБМ ҚОКСНВО шешімімен қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді. 1998 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы ЭТФҒЗИ-да кіші ғылыми қызметкер ретінде қосалқы жұмыс атқаруда. Қазіргі уақытта белсенді ғылыми жұмыстармен айналысады, ГФ жобасының жетекшісі және Жас ғалым жобасының ғылыми кеңесшісі. 2018 жылдың қыркүйегінен бастап жылуфизика және техникалық физика кафедрасының ғылыми-зерттеу және халықаралық байланыстар жөніндегі меңгеруші орынбасары. Қазіргі кезде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика- техникалық факультетінің жылуфизика және техникалық физика кафедрасының доценті.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1998 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
22.04.2009 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
қауымдастырылған профессор (доцент) |
15.04.2024 |
10
құжаттар
2